Сенім телефоны
61-69-42
email: sadik115@yandex.ru
Мекенжайы: Кривенко көшесі 87/1
Басшы 61-69-43, әдістемелік кабинет - 61-69-42
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Басшы :дүйсенбі, бейсенбі 15.00 - 18.00 Медбике: күн сайын 9.00 -17.00 Бухгалтер күн сайын 15.00 - 18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әдістемелік жұмыс/Methodical activities

Оқу-әдістемелік жұмыс

2021 - 2022 оқу жылы

%d0%b0%d0%b2%d0%bf%d1%80

Балабақша әр баланың жеке бағытталған дамуын қамтамасыз етуге және толық дамыған кеңістігін құру үшін Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын басшылықа алады және оның қойған міндеттерін орындайды. — Физикалық дамуын жетілдіру, салауатты өмір салты құндылықтарын қалыптастыру. — Баланың танымдық – сөйлеуін дамыту, сөйлеу шеберлігі мен қабілеттілігін қалыптастыру. — Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық мүмкіндігін дамыту. — Оқу іс-әрекеті , қызығушылық пен оқу мотивациясы дағдыларын қалыптастыру. - Мектептегі оқыту шарттарына табысты бейімделуіне жағдай жасайтын ересектер мен құрдастар арасындағы өзара жеке қарым-қатынасты жақсартатын әлеуметтік эмоциялар мен себептерді дамыту. - Балалардың танымдық іс-әрекетін, ақыл-қабілетін дамыту, қоршаған ортаға бағдарын кеңейту. Балабақша педагогикалық кеңесте және оқу жұмыс жоспарымен бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Жылдық жоспар төмендегідей қағидаға сәйкес құрылады: - жоспарлық - жүйелілік - ғылымилық - жетімділік - теория мен тәжірибенің байланысы Жылдық жоспардың іске асуының белгісі күнделікті педагогикалық ұжымның қызметі болып табылады. Педагогтар балалармен жұмыс жасаудың оқу-тәрбие жұмысының күнтізбелік және перспективті жоспарын құрайды. СанЕН талаптарын ескере отырып сабақ кестесі құрылады. Балабақшада жылдық міндеттердің тиімді іске асуы үшін педкеңестер, семинарлар, ашық сабақтар өтеді. Балабақшадағы оқу-тәрбие іс-әрекетінің мәселелерін шешу үшін әдістемелік-бірлестік жұмыс істейді. Оның негізгі бағыты - денсаулық сақтау және сөйлесім болып табылады.