Ашық есік күні
2023 жылғы 19 қаңтарда біздің балабақшада «Ашық есік күні» өтті. Іс-шаралар сағат 9.00-ден 18.00-ге дейінгі кезең аралығына белгіленді. Ата-аналар балаларының балабақшадағы өмірі туралы көбірек білуге қызығушылық танытты. Бұл күні олар жаттығулар жасай алды, ұйымдастырылған іс-шаралар мен кеңестерге қатысып, балалармен бірге серуендеп, түскі асқа дайындалған тағамдарды сынап көрді. Ата-аналар сауықтыру квестіне қатысты. Педагогтар ұжымы ата-аналарға баланың дамуы мен денсаулығын нығайту үшін қауіпсіз, педагогикалық сауатты және психологиялық қолайлы орта құрылғанын көрсетуге тырысты.