Психология апталығының бесінші күні
Апталықтың бесінші күні «Қуаныш күні».
Кіре берісте ата-аналарымен бірге салған «Қуаныш сәті» тақырыбындағы балалардың суреттері қойылды. Бұл отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға және балалар мен ата-аналарды жақындастыруға бағытталды. Балалар мен ата-аналар белсенділік танытты. Суреттер өте әсерлі болды. Тәрбиеленушілер сурет байқауына белсенді қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.
Жалпы, апталықтың қорытындысы оң нәтижесін тапты деп санауға болады.