8 Марта в детском саду
Міне, масленица мерекесінен кейін көктем мезгілі де келді. Көктем шуағы барлық әлем қыз-келіншектеріне нұрын төгуде. Біздің балабақшада 8 Наурыз халықаралық Әйелдер күніне арналған бірнеше ертеңгіліктер өтті. Барлық топ тәрбиеленушілері өз аналарын, әжелерін, әпке-сіңілілерін құттықтады. Көңілді, мейірімді әндер мен жырлар айтылып, аналар мен әжелерге арналған қызықты қойылымдар көрсетіліп, көңілді ойындар ойналды. Ересек топ тәрбиеленушілері «Пять Февральский роз» биін тамаша орындады. Әр бала өз жүрек жылуын өз анасына сыйлады, бұл әр ананы қатты тебірентті. Балаларға сыйлық ретінде әр ана мейірімді көзқарас пен өз махаббатын сыйлады.