Сенім телефоны
8(7182)205750 8(7182)205850 8(701)4486781 Бакыт Жусуповна 8(718)322167 - отдел образования, 8(718)2321937 - управление образования
email: sad86@goo.edu.kz
Мекенжайы: Катаева, көшесі 23
8(7182)613712
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі-15.00-17.00 Сәрсенбі-15.00-17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Пресс –релиз
13-02-2018 22:48
Пресс –релиз

Пресс-релиз
      «№86 сәбилер бақшасы» МҚКК базасында 13 ақпанда «№86 сәбилер бақшасының инновациялық сауықтыру әрекеті бойынша есеп» тақырыбы бойынша қалалық семинар өтті.
Балабақша көп жылдан бері барлық жастағы балаларды сауықтыру бойынша жұмыстар жүргізіп келеді, жұмыстарға алдын алу-денсаулық сақтау технологиялары ғана енген жоқ, сонымен қатар, инновацияық сауықтыру технологиялары да енеді. Балабақшадағы балалар үшін тәрбиелеу-білім беру үрдісінде заманауи денсаулық сақтау технологияларын қолдану үшін дидактикалық, сюжеттік- рольдік ойындар, көркем әдебиет оқу, қозғалыс ойындары арқылы СӨС бойынша әр түрлі перспективалық жоспарлау пайдаланылады.
Сонымен қатар дәстүрден тыс құрал-жабдықтар қоданылады (табанға массаж жасауға арналған денсаулық жолы, демалу жаттығулары және көзге арналған жаттығулар үшін атрибуттар, саусақ жаттығулары (ұсақ және жалпы моторикаға арналған) таяқшалармен «СУДЖОК», «Оль-ли» жаттығулары, «НИШИ» бойынша жаттығулар, денешынықтыру сабақтарын өткізуге арналған жаттығулар. Барлық жұмыстар күні бойы кешенді түрде өткізіледі. Сауықтыру жұмыстарында заманауи денсаулық сақтау технологияларын қолдану барысында балаларда сырқаттану азайып, көңіл-күйлері мен зейіні жақсарды.
Семинарға Павлодар қаласы балабақшаларының 30 әдіскері қатысты.
Практикалық бөлімде шеберлік сынып өтті: қолдан кез келген спорттық құрал-жабдықтар жасауға болатын әр түрлі материалдар ұсынылды.
Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік ұсынымдар таңдап алынды, семинар материалдары практикада қолдану үшін балабақшаларға жіберілді.