Телефон доверия
8 (7182) 54-59-95
Адрес: г.Павлодар, ул.Естая,97
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
7.00 ден-19.00-ге дейін
ЕЛІН ҚОРҒАУ - ЕРГЕ СЕРТ.
06-06-2012 11:34
ЕЛІН ҚОРҒАУ - ЕРГЕ СЕРТ.

Балабақша бүлдіршіндері Ұлы Жеңістің 67 жылдық мерейтойын және ҚР Қарулы Күштерінің 20 жылдығын,  Отан қорғаушылар күніне арнап ертеңгіліктер өтті. Фашистық Германияны тас-талқан етіп жеңіп, біздің аталарымыз осы күні бізге ұлы Жеңіс күнін тойлатқаны – естен кетпес оқиға. Соғыстан қайтпаған сарбаздарымызды бір минуттік үнсіздік жариялапеске алдық. Балалар «Катюша» биін билеп, тақпақ айтып, ән айтып өз өнерлерін көрсетті.

Бұл мереке батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы. Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Ел басына күн туып, ер басына мұң ұялаған жылдарда ардагерлеріміздің Отан мен туған жердің намысын ойлап, майданда қан кешкен ерліктері ел жүрегінде мәңгілікке қалады. Сұрапыл соғыстағы аға буынның жан аямас жаужүректігі, ерен еңбегі, туған елге, жерге деген патриоттық ыстық ықыласы келешек ұрпақ санасында жаңғырып тұрары даусыз. Әділдік пен зұлымдықтың соғысы деп бағаланған майдандағы ерліктері бүгінгі мен келер ұрпақ үшін нағыз отансүйгіштіктің, отан қорғаудың жоғары үлгісі болып қала бермек.