Телефон доверия
8 (7182) 54-59-95 8 (7182) 54-58-47
Адрес: 140011, Павлодар қаласы, Естай көшесі 97,
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
7.00 ден-19.00-ге дейін
ОТБАСЫ -АЛТЫН ДІҢГЕК.
06-06-2012 12:00
ОТБАСЫ -АЛТЫН ДІҢГЕК.

   15 мамыр күні Отбасы күніне арналған тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекет, «Әкем, шешем, мен - спорттық жанұя» сайысы,  «Балалар бейбітшілікті салады!» тақырыбында  сурет салу байқауы өткізілді. Ұйымдастырылып отырған бұл іс-шараларда ата –аналарға балаларымен дұрыс қарым-қатынас жасап, олармен  тіл табыса алу жолдары, жайында кеңестер берілді.                                                                                                                                                                                                                                          Ұрпақ тәрбиесінде ата-бабамыздың ұстаған жолын, баланың отбасындағы орнының жоғары бағалағандығын паш ету, бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүр, мақал – мәтелдер, нақыл сөздерді пайдалана отырып балаларды үлкендерді сыйлауға, кішіге көмектесуге баулу. Өзара сыйластыққа, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Дана халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата-ана, балабақшада тәрбиеші, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп отырады. Осындай іс-шаралар өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру, үлгілі отбасыларды құрметтеу, өнегелі тәжірибесін насихаттау жолдарының бірі.  Келген ата-аналар өздерінің ризашылықтары  мен алғыстарын білдірді.