15 мамыр күні Отбасы күніне арналған тақырыптық ұйымдастырылған іс-әрекет, «Әкем, шешем, мен - спорттық жанұя» сайысы, «Балалар бейбітшілікті салады!» тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді. Ұйымдастырылып отырған бұл іс-шараларда ата –аналарға балаларымен дұрыс қарым-қатынас жасап, олармен тіл табыса алу жолдары, жайында кеңестер берілді. Ұрпақ тәрбиесінде ата-бабамыздың ұстаған жолын, баланың отбасындағы орнының жоғары бағалағандығын паш ету, бала тәрбиесіне байланысты салт – дәстүр, мақал – мәтелдер, нақыл сөздерді пайдалана отырып балаларды үлкендерді сыйлауға, кішіге көмектесуге баулу. Өзара сыйластыққа, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Дана халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол. Мұны отбасында ата-ана, балабақшада тәрбиеші, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп отырады. Осындай іс-шаралар өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру, үлгілі отбасыларды құрметтеу, өнегелі тәжірибесін насихаттау жолдарының бірі. Келген ата-аналар өздерінің ризашылықтары мен алғыстарын білдірді.
