Сенім телефоны
8 (7182) 54-59-95 8 (7182) 54-58-47
Мекенжайы: 140011, Павлодар қаласы, Естай көшесі 97,
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 ден-19.00-ге дейін
Еліміздегі игiлiктердiң барлығы елдiң болашағы – жас ұрпақтың келешегi жарқын.
06-06-2012 13:49
Еліміздегі  игiлiктердiң барлығы елдiң болашағы – жас ұрпақтың келешегi жарқын.

 № 9 балабақшада мамырдың 29 күні салтанатты түрде бүлдіршіндер балабақшамен қоштасу кеші өтті. Барлық балабақшаларда мемлекетіміздің көк жалауы желбіреп көтеріліп, әнұраны шырқалып, балақайлар мектеп табалдырығын аттамақшы. Бүлдіршіндердің бала-бақшамен, тәрбиешілермен қоштасу кешіне ата-аналары да келді. Балақайлар бұл күні сәнді киініп, шағын концерт ұйымдастырды. Концерт барысында бүлдіршіндер өлең оқып, ән салды, би билеп, ертегіден үзінді келтірді. Бала-бақша түлектеріне бұл кеште білім Ханшайымы келіп, бірнеше сиқырлы кереметтер көрсетіп, оларды таңырқатты. Маған да өз өнерлеріңді көрсетіңдер дегеніне, балалар әріптерден сөздер құрастырып, білімдері мен қабілеттерін көрсете білді. Балалар ата-аналарына да жұмбақтар дайындап, оларды да ойыннан қалыс қалдырмады. Кеш соңында бүлдіршіндерге бала-бақшаны жақсы тәмамдады деген дипломдар табыс етіліп, білім жолына қажетті кітаптар сыйға тартылды. Бұл күні бала-бақша бүлдіршіндері мен олардың ата-аналарының қуанышында шек болмады. Ал тәрбиешілері өз түлектерін мақтаныш тұтып, оларға болашақта ақ жол тіледі. Қай жерде болса да бүлдіршіндеріміз еліміздің атын паш етіп, биіктен көрініп жүрсін деп тілек білдіреміз.                       

Қоштасады ұшқан ұяң – балабақшаң,                                                                     Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.                                                                                          

«Сәт сапар» -деп қол бұлғаймыз бәріміз,                                                                     

Тілейміз біз армандарға жеткені.