Тәуелсіздік күні!
Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған мерекелік ертеңгіліктер жақсы деңгейде өткізілді. Барлық балалар әдемі ұлттық нақышта тіктірілген костюмдерді киіді.Олар үлкен мақтанышпен еліміздің рәміздері туралы: Елтаңба, ту туралы айтты, әнұранды орындады. Ұлттық ертегілердің, эпостардың кейіпкерлері: Алтын адам, Әже,Желаяқ, Мерген балалармен бірге әндер айтты, биледі, ойындарға қатысты, балалардыұлттық салт-дәстүрлермен және әдет-ғұрыптармен таныстырды.
