№ 6 кітапханаға саяхат.
Даярлық топтарының балалары каникул күндерінде бізбен көп жылдардан бері бірлесіп жұмыс істеп келе жатқан № 6 кітапханаға экскурсияға барды. Кітапхана қызметкерлері балаларға кітапханашының жұмысы туралы әңгімеледі, кітапхана қорымен таныстырды, ертегілер бойынша викториналар өткізді. Балалар әңгімені ұйып тыңдады,кітаптарды қызыға қарады, викторина сұрақтарына белсенді түрде жауап берді. Тәрбиенушілер балабақшаға естігендері мен көргендері туралы үлкен әсермен оралды.
