"Көнілді эстафеталар"
Шілде айының бесі күні біздің балабақшада "Көнілді эстафеталар" атты сайыс өткізілді. Бұл спорттық жарыс Астана күніне арналды. "Тұлпар" және ""Сокол" атты екі команда ересек топтардың балаларынан құралды. Түрлі эстафеталар жанкүйерлерге ұйымдастырылған ойындар мен музыкалық үзілістермен жалғасты. Балалар өздерінің батылдықтарын, ептілік пен шапшандықтарын көрсетті. Қазақстан болашағы - дені сау,салауатты ұрпақта.
