Жас ата - аналарға арналған семинар - практикум
Ашық есіктер күніне орай біздің балабақшамызда сәбилер тобының жас ата - аналарына арналған "Бала өміріндегі ойынның маңызы" атты семинар - практикум өтті.Ата - аналарға семинар - практикумның тақырыбы бойынша кеңестер берілді. Яғни, кішкентай балалармен қандай ойын, қандай ойыншықтар қажетттілігі туралы айтылды. Тәжірибелік бөлімде ата - аналар балаларының ойындарын өздері ойнап көрді. Тәрбиешілер дайындаған "Баланың балабақшадағы күнделікті өмірі" атты слайдтық бағдарламаны көріп тамашалады. Семинар-практикумның қорытынды бөлімі "Түрлі - түсті тұз" атты рефлексиясымен аяқталды. Өткізілген шараға ата - аналар өздерінің жақсы пікірлерін жазып кетті.
