Тәуелсіздік күні
Тәуелсіздік күніне арналған біздің балабақшамызда мерекелік ертеңгіліктер өтті. балалар ұлттық киімдерін киіп, ерекше салтанатпен, намыспен мемлекеттік әнұранымызды орындады. Мерекеміз өте қызықты болды. Себебі, балалар ән айтып, би билеп, ойын ойнап, ұлттық ертегілердегі кейіпкерлердің келуіне қуанды.
