Мерекелік ертеңгіліктер
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай 5-7 наурыз айында біздің балабақшамызда барлық топтарда ертеңгіліктер өтті. Мерекеміздің ханшайымы - Көктем және сайықмазақ келіп, балалармен ойын ойнап, қызықты әңгімелер айтып күлдірді. Балаларымыз аналарына арнап, сыйлықтар жасады. Аналарымыз балаларының құттықтауларын қабыл алып қуанып, тәрбиешілеріне зор алғыс білдірді.
