Тазалық-зор байлық!
Ағымдағы аптада біздің балабақшада СӨС-пен бірлескен "Тазалық-зор байлық!" іс-шарамыз өткізілді. 4-5 жастағы балалар тазалық, денсаулық, денсаулыққа пайдалы мен зияндылық түсініктер туралы білімдер алып, слайд көріп, ойындар ойнады. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек екенін білді.
