Ашық есік күні
АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
Ата-аналармен өзара қарым-қатынас орнату барысында, балабақшада 2019 жылдың 30 сәуірде «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті. Ата-аналар бір күндік балалардың өмірімен танысты. Алдымен таңертеңгі жаттығуларды көріп, содан бкейін «Қазақстан Халқының Бірлігі күніне» арналған мерекелік іс-шараларын көріп шықты. Сонымен қатар, ата-аналар топтардың ашық оқу іс-әрекеттерін тамашалады. Тәрбиешілер Ш.Б.Маканова «Ғажайып математика», А.М.Мергалимова «Біз спортшымыз» денешынықтыру және Тулеутаева Т.С. «Теңдік және теңсіздік» тақырыбында оқу іс-әрекеттерді көрсетті. Сабақтардан кейін, ата-аналар балалардың серуеніне куә болып, балалармен бірге ойнады.
