Сенім телефоны
630590
email: sad10@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
7.00 - 19.00
Біз мектепке барамыз!
11-05-2011 10:31

                                    Біз мектепке  барамыз!

Биылғы жылы №10  сәбилер бақшасының  87 түлегі мектеп  табылдырығын  аттағалы отыр.  Ұлы данышпан бабамыз Әбу Насыр Әл – Фараби: «Адамға ең бірінші  білім емес, тәрбие  берілуі керек, тәрбиесіз  берілген білім  - адамзаттың жауы, ол оның  барлық өміріне апат әкелді » -  дейді.

Бүгінгі оқушы – қоғамның ертеңгі мүшесі, сондықтан мектептің  ертеңі бүгінгі оқушыға тікелей байланысты.

Біздің балабақшаның ашылғанына 3 жыл уақыт өтті. Осы үш жыл ішінде біз №25 мектеппен сабақтаса бірлесіп тығыз жұмыс істейміз.

Осыған орай біздің  балабақша ұжымы №25 мектепке саяхат ұйымдастырдық. Балалар мектепке барамыз дегенді естігенде  өте қуанды, өздері  қолдан сыйлық дайындады.

№25 мектеп ұстаздары балаларды  жылы  шыраймен қарсы алды. Олармен жақынырақ танысып, әңгімелесті. Одан кейін  мектеп ішін аралатты. Мектеп іші жарық, әдемі, кең екен. Балаларды  сынып  бөлмесіне  кіргізіп, парталарға отырғызды.

Бұдан әрі мектеп  оқушылары өздерінің ұйымдастырған шағын концерттін қойды. Бақша түлектері де құр  алақан қалған жоқ, олар  өздерінің жаттаған  мектеп жайлы тақпақтарын айтып, әндерін шырқады. Саяхат балаларға өте  ұнады. №25 мектептің  ұжымына  ризашылығымызды  білдіреміз.