«Павлодар қаласының № 10 сәбилер бақшасы-
«ZamanStar» білім беру дамыту орталығы» КМКҚ
психолог лауазымына
|
1 |
Білім беру ұйымның атауы |
«Павлодар қаласының № 10 сәбилер бақшасы- «ZamanStar» білім беру дамыту орталығы» КМКҚ
|
|
Орналасқан жері, пошталық мекенжайы |
140007, Қазақстан республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ткачев көш.,15/1 |
|
|
Телефон нөмірі |
63-05-90 |
|
|
Электрондық почта |
balabaqsha10@mail.ru |
|
|
2 |
Бос немесе уақытша бос лауазымның атауы, жүктемесі |
психолог, 1 мөлшерлемеде |
|
Негізгі функционалдық міндеттері |
мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге бағытталған қызметті жүзеге асырады; баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды. психикалық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытынды жасайды; мектепке дейінгі жастағы балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, әртүрлі психологиялық (психопрофилактикалық, дамытушылық және консультациялық) көмек көрсетеді; қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ оны педагог-ассистент іске асыру үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу жөніндегі бағдарламаларды жасайды, оларды жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде іске асырады; мектепке дейінгі жастағы шығармашылықпен дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етеді;
ата-аналарға, тәрбиешілерге және педагогтарға консультациялық көмек көрсетеді; белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады; кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады; |
|
|
Еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары |
-еңбек өтілі мен біліктілік санатына сәйкес төленеді
|
|
|
3 |
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары |
Жұмыс өтіліне талап қойылмай, «Арнайы білім» бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтынқ құжат Және немесе біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі : педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл |
|
4 |
Құжаттарды қабылдау мерзімі |
17.12-25.12.2025 |
|
5 |
Қжетті құжаттар тізбесі |
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы; 11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат. |
|
6 |
Уақытша бос лауазымның мерзімі |
бала күтімі мерзіміне |
