«Өзін-өзі тану»
2011 жылдың 16 маусымы күні Павлодар қаласының №10 сәбилер бақшасында Павлодар облысы педагог мамандарының біліктілігін арттыру институтының курс тыңдаушыларына арналған «_Өзін-өзі тану пәнін оқу – тәрбие үрдісіне енгізу» атты тақырыбы бойынша семинар өтті. Семинарға көптеген аудандар мен қалалардың тәрбиешілері және педагогтары қатысты.
Ең алдымен балабақша директоры Ботагөз Қайыржанқызы Темірбекова сәбилер бақшасымен таныстырып, мәліметтер берді. Семинарға қатысқан тәрбиешілер қазіргі заман талабына сай балабақшаға қызығушылықпен қарап, аралап көрді.
Семинарды өзін - өзі тану сабағымен естияр «А» тобы және оның тәрбиешісі Жангүл Жаңбырбайқызы Жұманова «Білім әлеміне саяхат» атты тақырып бойынша бірінші болып жаңа ашық сабақ көрсетті. Әдістеме бойынша сабақ мазмұнды және қызықты түрде құрылған. Сабақты өте жоғары деңгейде өтті деп бағалады. Балалар сабаққа өте белсене қатысты. Тәрбиеші көптеген көрнекі – құралдарды қолдана отырып, жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен пайдаланды.
Келесі ашық сабақты өзін-өзі тану сабағы бойынша естияр «Ә» тобының балаларымен тәрбиешісі Меруерт Бейбітқызы «Мен жақсы баламын» атты сабағын көрсетті. Сабақта өзін - өзі тану сабағының элементтері кезең бойынша сақталып отырды: Шаттық шеңбері, әңгімелесу, дәйексөз, өзім мен өзім, тыныштық сәті, ғажайып сөздер, қорытындылау деген сияқты тапсырмалардан тұрды. Жаңа сабак болғандықтан балалар ертегі тыңдау барысында жаңа сөздер мен танысты.
«Денсаулық – зор байлық демекші», «Дені саудың – жаны сау» атты тақырыбымен, дене шынықтыру мұғалімі Серік Ағыбайұлы Құрманғазинов өз сабағымен бөлісті. Әдістемелік жағынан дұрыс құрылған және сабақта дәстүрлі емес денсаулық сақтау технологияларын қолданды. Педагог сабақтың тығыздығы мен қарқынына назар аударды.
Соңында балабақша әдіскері Күнсұлу Сатыбалдықызы Сушина оқу – тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» пәнінің элменттерін қолдану мақсатында түрлі жаттығулар мен тренингтер өткізді. Кейіннен сабақтар талданып, жоғары, сапалы деп бағаланды. Семинарға қатысқан барлық тыңдаушылар көптеген мағлұмат алып, тәжірибелерін толықтырды деп ойлаймыз. Сонымен қатар семинарға қатысқан тәрбиешілер алғыстарын айтып жылы лебіздерін білдірді.