Біздің балабақшада қорытынды сабақтар өтуде.....
2011-2012- оқу жылында аяқтап келе жатырмыз. Балаларымызда өсіп есейіп келеді. Жалпы осы жылы біздің бақшада көптеген жұмыстар атқарылды. Балаладың денсаулықтары нығайып білім деңгейлері көтерілді. Қазіргі уақытта барлық топтың тәрбиешілері барлық білімдерін ортаға салып , өздерінің шығармашылық жұмыстарын көрсетуде. Тәрбиешілер қорытынды сабақтар беруде.
Ұйымдастыру оқу іс-әрекеттерінде балалардың жыл бойы алынған білімдері , логикалық ой қабілеттерінің жоғарлауы, шығармашылық қабілеттері байқалды. Біздің балабақшамызда ерекше сабақ көрсеткен: ортаңғы «Ә» тобының тәрбиешісі Ж.Қ.Жүнісова, дене шынықтыру нұсқаушысы С.А.Құрманғазинов, даярлық «А» тобының тәрбиешісі М.Н.Камайлянова және т.б педагогтар.
