Телефон доверия
630590
Адрес: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
7.00 - 19.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
№10 сәбилер бақшасында Білім және ғылым министрі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қонақта болды
25-05-2010 18:00
№10 сәбилер бақшасында Білім және ғылым министрі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев   қонақта болды

№10 сәбилер бақшасында Білім және ғылым министрі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев

қонақта болды

Таяуда Павлодар қаласына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев жұмыс сапарымен келді. Сол жұмыс барысында біздің №10 сәбилер бақшасында арнайы қонақта болды. Балабақша директоры Темірбекова Ботагөз Қайыржанқызы қонақтарды балаларға жасалынған балабақшаның жағдайларымен және материалдық техникалық базасымен таныстырды.

Балалар үшін жасалған жайлы, әдемі, көркем жабдықталған ғимараттағы оқу тәрбие үрдісін бүгінгі күнгі заман талабына сәйкес жүзеге асыруға арналған материалдық техникалық базаны қонақтар үлкен іждахаттықпен аралап көріп, ризашылықтарын білдірді. Білім және ғылым министрі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев «Өзін-өзі тану» эксперименттік алаңында, компьютер кабинетінде, суда жүзу бассейнінде, бейнелеу өнері, ағылшын тілі, логопед кабинеттеріндегі және спорт залындағы жүргізілген сабақтардың фрагменттерін көріп, сол сабақтарға қатысқан балалармен әңгімелесті.

Саяхат соңында келген қонақтар тәрбиеленуші балалардың тақылдата айтқан тақпақтары мен құйқылжыта салған әндерін сүйсіне тыңдап, өз ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін айтты.