Қалалық семинар
13 ақпан күні Павлодар қаласының білім беру бөлімінің айлық жоспарына сәйкес № 10 сәбилер бақшасында мектепке дейінгі мекемелерінің педагогтарына арналған «Денсаулық сақтау технологияларды ұйымдастырылған іс –әрекетте қолдану» атты семинар өтті. Балабақша тәрбиешілері М.Н.Камайлянова, Т.Қ.Хамитова, денешынықтыру нұсқаушысы Р.Е. Жумадиров, хауыз нұсқаушысы Г.Ж.Сапарова, ағылшын тілі мұғалімі А.М.Икрамова және компьютерлік сауат ашу пән мұғалімі Д.Б.Омарова тақырып бойынша өз тәжірибимен бөлісіп, денсаулық сақтау технологияларының әдіс – тәсілдерін және жаңа оқыту технологиясының Геоконт ойыны, Кюйзенер таяқшаларын іс –әрекетте қолданып, көрсете білді.
