21 ақпан күні № 10 сәбилер бақшасында ортаңғы топтың тәрбиеленушілері және «Салауатты өмір салтын қолдау орталығы» ЖШС –нің білім жетілдіру бағдарламары бойынша маманы Турарова Анар Касымовнамен бірлесіп «Тазалық – саулық кепілі» іс – шара өтті. Өткізілген іс-шараның мақсаты:
- денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағза қауіптілігін, кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру;
- балаларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Балалардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту.
- денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Іс – шараға Тазалық патшасы, микробтар, тазалық сақтайтын заттар кейіпкерлері келіп , балаларға ойын түрінде гигиена, тазалық туралы мәлімет берді.
Тазалық - денсаулық кепілі
