Павлодар облысының Бұқар жырау мұражайымен бірлескен жұмыс
№ 10 сәбилер бақшасы және Павлодар облысының Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражай қызметкерлерінің бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес 28 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде сәбилер бақшасының балаларына арналған қазақ халқының тарихына шолу іс-шара өтті. Мұражай қызметкерлері ұлттық ән-күй аспаптарына, ұлттық киім үлгісіне, ұлттық әшекей - бұйымдарына, кигіздің шығу тарихына, өнеріне саяхат жасады.
Іс шарадан біздің тәрбиеленушілер жақсы әсер алып өз өнерлерін көрсе білді. Ән айтып, өлең оқып қонақтарды қуантты.
Бұқар жырау мұражай қызметкерлерімен осы бағытта жұмыс жалғасуда.
