Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
630590
Адрес: Ткачев көшесі15/1
630503 630590
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
7.00 - 19.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Қалалық семинар
22-11-2019 15:55
Қалалық семинар

2019 жылдың 22 қарашасы күні №10 сәбилер бақшасы «ZamanStar» білім беру орталығында қалалық білім беру бөлімінің жоспары бойынша,  қала балабақшаларының мектепалды топтарына семинар өтті. Семинардың кіріспе бөлімінің басшы Б.К.Темирбекова ашып балабақша туралы мағлұмат берді. Қалалық білім беру бөлімінің әдіскері К.М.Рахымжанованың қатысуымен өткен семинар   ұйымдастырылған әрекеттен басталды.

Семинар тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық –зерттеу белсенділіктерін дамыту». Mектепке дейінгі білім беру дамыту орталығы жағдайында мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту мен оларды STEM оқыту құралдары арқылы ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулимыз. Осы бағытта тәрбие мен оқытудың жұмыс жоспарына, вариативтік компонент бөліміне лего-құрастыру, робототехника, мультстудия ұйымдастыру іс-әрекет еңгізілді. Мульт студияда мектеп алды топпен тәрбиеші Г.Б.Баймаханбетова  сиқырлы әлемге саяхаттап, мультсериал жасап, интербелсенді тақта арқылы ашық көрсетілім көрсетті. Робото-Смарт студиясында пән мұғалімі С.И.Смаилова «Майло» ғылыми-зерттеу роботы атты ашық көрсетіп, робот жасай отырып, балалардың қызығушылықтарын оята білді. «Lego студиясында тәрбиеші А.М.Жапарова супер маркетте саяхаттай отырып, балалармен лего бөлшектерінен заттар жасап супер маркетке саяхаттап келды. Әдіскер Г.С.Нурахметова Сингапур әдістемесі жайлы ақпарат айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.