"Тәуелсіздік тұғырым"
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік тұғырым"патриоттық челенджін "Жебе" және "Қағандық" қоғамдық бірлестігінен қабылдап, біздің балабақшаның бүлдіршіндері қолдады. Осыған орай, Тәуелсіздік күні мерекесінде Шаңырақ облыстық орталығында Рухани Жаңғырубағдарламасын аясында сакралды орындарды абаттандыру мен насихаттауда қосқан үлесі үшін Павлодар облысы мәдениет басқармасының құрмет грамотамен марапатталды. Челлендждің басты мақсаты - отандастарымыздың патриоттық рухын ояту болып табылады. Әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың түсініктеріне қарағанда, челлендж өз мақсатына жетті деп айтуға болады.
