"Жеті ата" сайысы
«Армысың, әз-Наурыз!» мерекелік бағдарлама аясында ата-аналарға «Жеті ата» генеалогиялық құжат сайысын ұсындық. Өкінішке орай, біздің ата-аналардың көбі не жеті атасын білмейді, не осындай тәрбиелік мағынасы зор шараға қатысудан бас тартады. Айта кетсек, қазақ топтарындағы балалар саны – 117, ал сайысқа қатысқаны – 11 отбасы.
Сайысқа қатысқан барлық отбасына алғысымызды айта отырып, ең үздік 3 жұмысты орындаған ата-аналарды атасақ дейміз. Олар, келесі балалардың ата-аналары: 1 орын - 2 сәбилер «А» тобы – Диана және Айдана Әлсейітовалар (генеалогиялық ағаш моделін жасаған), 2 орын - Құттыбай Арайлым (генеалогиялық құжатты мағыналы жинақ түрінде жасаған) және 3 орын - ересек «А» тобы Каирденова Томирис.