1 маусым - Балаларды қорғау күні. Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Жалпы алғанда, бөбектерге қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын қорғау тек белгіленген бір күн емес, әрқашан да үлкендердің назарында. Осы орайда, балабақшамыздың қызметкерлері кішкентай сәбилерімізді құттықтау мақсатында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырлыып өткізді.