Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты. Павлодар қаласы №50 балабақшасында қызметкерлер арасында "Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!" атты мерекелік іс шара өткізілді.Мереке мемлекетіміздің әнұранымен басталды. Педагогтар өздерінің ән шашу өнерлерін көрсетті. Білім беру бөлімінен балабақша қызметкерлері Г.К.Абизеноваға, И.А.Дмитриеваға, Г.К. Махметоваға еңбек кітапшасына жазылуымен алғыс хат жарияланды.