Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
314264
Адрес: Чокина 96/1
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда 15.00-17.00
Ересек "Б" тобынындағы ұйымдастырылған іс әрекет.
26-09-2022 11:21
Ересек

Биылғы оқу жылында мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізгі басым бағыттары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру шеңберінде жүргізілетіндіктен ,балабақшада әр топтың жас ерекшелігіне сай жоспарланып жүргізілуде.Ересек “Б”тобының тәрбиешісі Ж.К.Мусурова және Б.К.Бекова балалар әрекетінің түрлерін кіріктіру арқылы іске асыру барысында.Ұйымдастырылған іс-әрекет - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулып,қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті -ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, арқылы ұйымдастыратын іс-әрекет өткізді. Балалардың сөйлеуін тек ұйымдастырылған іс-әрекеттерде ғана емес, күні бойы режимдік сәттерде, еркін ойын кезінде оларға түрлі сұрақтар қою арқылы, балаларды көбірек сөйлесуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, олармен кез-келген мәселе бойынша әңгімелесіп, олардың пікірін тыңдау арқылы дамытуда.Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру аптасына бір сағаттан жоспарланғандықтан ,ал шығармашылық бейнелеу іс-әрекеті күн сайын балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, ұйымдастырылады,және мұнда бірнеше іс- әрекет түрі қатар жүруі мүмкін немесе көпшілігінің қалауы бойынша барлығы бір іс-әрекет түрімен айналысуына болады.Қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық жәнезерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады.Балалар айналадағы болып жатқан оқиғаларды ой елегінен өткізіп, тәжірибе жинақтауы және дағдыларды игеруі үшін олардың қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін ашу көзделгендіктен , ол үшін балаларға жұмыс жасауға дайын үлгі беруді жиі қолданбау, бейнелеу құралдарын қолданып, бейнелерді, құрастыруларды өзбетінше жасауға ынталандыру, оларға еркіндік беру, тапсырманы шығармашылықпен орындауға баулуда.