Ортаңғы “А”тобында “Есіңде болсын”тақырыпта балаларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
-Бөлмеде бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз;
-Терезенің тұтқасын бала өздігінен аша алмайтындай етіп бекітіңіз;
-Терезелердің ашылуына жол бермеу үшін терезелерге арнайы қорғаныс механизмдерін орнатыңыз;
-Баланың терезеге шықпауы үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыс қойыңыз;
-Балаңызға терезе үстінде тұрып, көшеде не болып жатқанын терезеден қарауға үйретпеңіз, ол сіз болмаған кезде қайталауы мүмкін;
-Балалардың балконға ересектерсіз шығуына жол бермеңіз;
-Москит торы баланы құлап қалудан құтқара алмайтынын ұмытпаңыз. Тор қорғамайды, сонымен қатар балаларды оған сүйенуге итермелейді, өйткені балалар үшін бұл әйнек сияқты сенімді көрінеді.
Есіңізде болсын: балалардың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда!
Қауіпсіз терезе !Ортаңғы "А" топ ата-аналары назарына.
