Телефон доверия
314264
Адрес: Chokina 96/1
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Wednesday 15.00-17.00
Армысың, Әз- Наурыз !
08-02-2011 09:00
Армысың, Әз- Наурыз !

Армысың, Әз- Наурыз !

21 наурыз күні 12 сәбилер бақшасында ата- аналармен бірлескен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған

« Армысың Әз- Наурыз « атты той тойланды. Тойда балабақша ұжымы,

Директоры Г.Рахымжанова, барлық топтардың ата- аналары, ата-әжелері

Қатысып, той- думанға ұласты. Әр топтың ата- аналары салт-дәстүрді яғни тұсау кесу, шебер қол, ұлттық өнер, ұлттық ыдыс, ұлттық киім, ұлттық әшекей ауылына бөлініп, Қызыр ата осы ауылдарды аралап, ырым жолдары айтылып, даярлық тобының мың бұралған бишілері ортаға шығып, көрермендердің көңілінен шықты.

Бала тәрбиесіне бос қарамайтын ата- аналарымыз, әже- аталарымыз келіп, өз өнерлерін ортаға салып, халық әндерін айтып, Даярлық «А» тобының аналары қазақтың «Қамажай» биін билеп, ойын ойнап, ризашылықтарын білдірді. Той соңында дастарханға ұлттық тағамдар жайылып, Наурыз көже, қымыз сапырылып, буы бұрқыраған самаурынмен қызыл күрең шайды ішкенде, осындай жарасымды бірліктен, достықтан айырмасын деген тілектерін айтты.

Тоқсан жасқа аяқ басқан үлкен ақсақал атамыз өзінің игі тілегін, бала бақша ұжымына ақ жол тілеп, ақ батасын берді.

Дәстүрді сыйлап, әдет- ғұрыптарды сақтап, өсіп келе жатқан жас бүлдіршіндерге, ұрпақтарға, адамгершілікке, бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейміз деген сенімдемін.

12 балабақшаның

тәрбиешісі Қадыр Н.С.