Сенім телефоны
62-97-48
email: yassad@yandex.ru
Мекенжайы: Молодежная, 25
Басшасы: 31-83-47, Бухгалтерия: 65 -31-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі: 16.00 - 18.00, бейсенбі: 8.00 - 9.00
Күз мезгілінде қонақта!
30-10-2017 06:31
Күз мезгілінде  қонақта!

Күз-керемет мезгіл, ол бізді әр түрлі түстермен, өзінің сұлулығымен, жапырақ сыңғырымен, бай егінімен қуантатын шақ. Алтын күз мезгілін балалар өте жақсы көреді, және те түрлі іс-шараларға қуана-қуана қатысады.
Күзгі мерекелер балабақшада дәстүрлі түрде аталып өтіледі. Күз үлкендерге де, кішілерге де қонаққа келеді, ешкімді өзінің назарынан тыс қалдырмайды, ал балалар болса оны қадірлі қонақ ретінде әнмен, бимен, ойындармен қарсы алады! Ән-күй залы таңғажайып орманға айналып, онда балалар үшін керемет,қызықты күлкілі қойылымдар қойылады. Балаларға қонаққа Алтын күз және өзімен бірге Былғаныш пен Орманшы атты ертегі кейіпкерлерін ерітіп келді. Күз мерекесіне дайындық кезінде тәрбиешілер балалармен күз тақырыбына өлең, әндерді қайталап, би қимылдарын жаттады. Үлкендер ойындарға атрибуттар, мереке кейіпкерлеріне костюмдер дайындады. Ата-аналар күзгі көрмеге қызықты жасандылар дайындайды. Балабақшаның ересек топтарында «Күзгі орманда» атты ойын-сауық өтті. Балалар күзгі таңғажайып орманда серуендеп Күзге жол іздеді. Балабақшаның мектеп алды ересек тобы аңдарға арналған мектепке барып қайтты. Балалар зор қуанышпен аңдарға айналып, сценкаларға қатысты.
Мектеп жасына дейінгі балалар бұл мерекелерді өте жақсы көреді, олардан шабытты, көтеріңкі көңілмен қайтады.