Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалардың қорытындысы
22-10-2020 12:01
Жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалардың қорытындысы

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2020 жылдың 15 - 22 қазан аралығында  қашықтықтан жалпы білім беру пәндері бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған ғылыми жобалар конкурсын өткізді.

Конкурс төрт бағытта өтті: «Ғылыми- техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі сілтемесі» (секциялар: физика, техника, Ғарыш пен Жер туралы ғылым); «Экономикалық және әлуметтік процесінде математикалық модельдеу» (секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика); «Қазақстан-2050стратегияны іске асыру негізі – сау табиғи орта » (секциялар: биология, химия, адам саулығы мен қоршаған ортаны қорғау); «Қазақстанның ескерткіштері мен перспективалы туристік бағыттар» (секциялар:тарих, өлкетану, этномәдениеттану, адам мен қоғам, тіл білімі, әдебиет).

Ғылыми жобалар конкурсына Павлодар қаласының 36 жалпы білім беру мектептерінен 200 оқушы қатысты. Олар 19 секция бойынша 200 зерттеу жұмыстарын ұсынды. Қоршаған ортаны қорғау (24), өлкетану (19), этномәдениеттану (17), физика (17) секцияларында жобалар көп болды.

Бірінші бағыт бойынша жалпы жүлделі орын – 15, олар №2, 7, 18, 20, Б.Момышұлы, 27, 30, 35, 36, 37, Кенжекөл, Жетекші мектебі.

Екінші бағыт бойынша жалпы жүлделі орын – 12, олар № К.Макпалеева, 20, 21, Б.Момышұлы, 34, Жетекші мектебі.

Үшінші бағыт бойынша жалпы жүлделі орын –28, олар №1, 11, 17, 20, 21, Б.Момышұлы, 24, 25, 29, 32, 36, 37, 39, 41.

Төртінші бағыт бойынша жалпы жүлделі орын – 62, олар №1, 2, 6, 7, 11, К.Бекхожина, 13, 14, 16, 17, 18, 19, 20, 21, Б.Момышұлы, 25, 26, 27, 28, 29, 34, 35, 36, 37, 39, 40, Кенжекөл мектебі.

І дәрежелі дипломмен 20 оқушы марапатталды: №11 ЖОМ 11 сынып Алимов Никита; №16 лицей-мектебі 9 сынып Козина Дарья; №17 ЖОМ 11 сынып Березовская Дарья; №20 лицей-мектебі 9 сынып Апушева Дина, Гомар Амина; 10 сынып Холодько Арина; №21 ЖОМ 9 сынып Мигачева Дарья, 10 сынып Канапья Айнара, 11 сынып Кайкенова Данель; Б.Момышұлы ат.мектеп 8 сынып Ирсаева Карина; №25 ЖОМ 10 сынып Жансеитова Аружан, 9 сынып Наурызбай Іңкәр; №26 ЖОМ 8 сынып Сафронова Анастасия; №29 ЖОМ 10 сынып Мартынов Илья, 8 сынып Любкивская Камила; №34 ЖОМ 8 сынып Юрьевич Семен; №37 ЖОМ 11 сынып Ғұмар Ернұр, 10 сынып Ахметова Шолпан, 11 сынып Базарбаева Дильназ; №41 ЖОМ 10 сынып Никитенко Ксения.

ІІ дәрежелі дипломмен 37 оқушы №2, 7, 11, 14, 17, 18, 20л-м, 21,Б.Момышұлы, 25, 27, 28, 29,34, 35, 37, 39, 40, 41, КЖОМ марапатталды.

III дәрежелі дипломмен 59 оқушы № 1, К. Макпалеев, 7, 11, № 16ЛМ, 17, 18, 19,  № 20ЛМ, 21,  Б. Момышұлы, 24, 25, 26, 27, 28, 30, 32, 34, 36, 37, 39, 40, 41, КЖОМ, ЖЖОМ марапатталды.

Юрьевич Семен Павлодар қаласының инновациялық типтегі № 34 ЖОМ  8 сыныбында оқиды. Семенді үнемі адамның ақпараттық –коммуникациялық сала қызметімен байланысты мәселелер қызықтыратын. Информатика  оқытушысы  А.А.  Матюшевамен бірлесіп  мектептің  автоматтандыру басқармасы  порталын құру басталды.  Негізгі мақсаты ыстық тамақты ұйымдастыру және  мектеп асханасындағы кезекті  жою. Тағы бір бағыты – кез-келген уақытта қажетті  ақпарат алу.  2019-2020 оқу жылының  аяғында  портал  табыспен құрылды, өкінішке орай эпидемиологиялық жағдайға байланысты  толық  қабылдаудан өткен жоқ.

Әдебиет секциясында  (қазақ тілі) Наурызбай Інкәр, № 25  ЖОМ  9  сынып оқушысы, «Вид на Семипалатинский полигон в казахской литературе» жоба тақырыбын таңдады. Жобада осы тақырып бойынша қазақстан жазушылары шығармаларының көркемдік ерекшеліктері айқындалды. Қоғамдағы болып жатқан жағдайларға байланысты қазақ даласын суреттеген сол кезеңдегі суреттеме автордың шеберлігіне жинақталған.  Ол бұл жобаны 2 жыл оқып келеді және әрі қарай жобамен жұмысты жалғастырғысы келеді.

№ 25 ЖОМ  10  сынып оқушысы Жансеитова  Аружанның ғылыми жобасы  еліміздің тарихындағы  даламыздың керемет  әйелдер ролінің  тарихи  анализін ұсынады . Қазіргі   уақытта  Қазақ  хандығы әйелдерінің мұрасын және  қызметін  нақты оқып үйрену керек. Оның жұмысында әртүрлі  мұрахат  құжаттар  қалың малдың күшін жою, отбасы және неке қию туралы Заңды қабылдау,  Бопай – ханши Тевкелев хаты және басқа құжаттар пайдаланылды.

№ 17 ЖОМ  11  сынып оқушысы Березовская Александра орындаған зерттеу жұмысы, «Лимерик, как жанр английской литературы»  тілбілімі үшін өте қызықты және танымды тақырыпты ашады. 170 жылдан аса құрылған ағылшын көркем –пейзажист ,ақын Эдвард Лирмен балаларға арналған бес жол әзіл тақпақтар, ересек оқырмандар арасын да жақсылық танытты.  Қазіргі әлемде жаңа лимериктер ағылшын ақындарының жақсы дәстүрлерін жалғастыруда.

Олардың   диапазондары  әлдеқайда кең  – жай адамның өмірінің сахнасынан жаңа ғылыми жетістіктерге дейін. Лимериктер барлық жастағы адамдар мен мамандар арасында танымал. Көптеген аудармашы  лимериктер өздері шығара бастады. С.Я. Маршактың аудармалары ең жақсы деп танылды.

«Условия развития двуязычия у школьников» тақырыбына зерттеу жұмысын № 1 ЖОМ 9  Ә сынып оқушысы Құдайбергенұлы Санжар   орындады.

Бұл зерттеу жұмысы оқушылардың қазақ -орыс екі тілді дамыту жағдайын айқындауға бағытталған. Кіріспеде зерттеу өзектілігі дәлелденеді, зерттеу мақсаты мен міндеттері қалыптастырылған. 

Автор өз жұмысында сөйлеу жағдайының анализі,оқушылармен қалай сауалнама жүргізу керек ,әдістемелерін пайдаланады. Оқушылармен сауалнама  қашықтықта өткізілді.

         № 11 ЖОМ 11 сынып оқушысы Алимов Никита,   өз жобасында  ұсынылған үлгі бойынша ықтимал белсенді агент қызметі ретінде , оқушылар және олардың ата-аналары , студенттер және кәсіпкерлер,қоғамдық және  мемлекеттік ұйымдардың әлеуметтік өзара қызметін ұсынды.

         1,2, 3 орын алған оқушылар облыстық іріктеу турына өтеді, онда екінші облыстық кезеңге қатысуға реценция алады.