Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Ұшқыр ой алаңы " қалалық дебат турнирі»
25-01-2021 17:33
«Ұшқыр ой алаңы

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2021 жылғы 22 қаңтарда "Ұшқыр ой алаңы"республикалық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңі өткізілді.Турнирге барлығы 8-11 сыныптың 20 оқушысынан тұратын 10 команда қатысты.

   Турнирдің мақсаты-оқушылардың азаматтық ұстанымын, өз және қоғам алдындағы өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілігін қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жария талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту, республикалық Ережеге сәйкес қалалық турнир американдық парламенттік формат (АӨФ) бойынша өткізілді.

         Турнир қорытындысы бойынша КЖОМ"Дарабоз" командасы және

№ 29 ЖОМ "Новое поколение" командасы жеңімпаз атанды.

         ІІ дәрежелі дипломдармен № 21 ЖОМ "Жарқын" командасы және КСОШ "Табысты ұрпақ" командасы марапатталды.

         ІІІ дәрежелі дипломмен Бекхожин атындағы  ЖОМ "Зияткер" командасы марапатталды. Бекхожин.

Қалалық турнирдің жеңімпаздары облыстық байқауға қатысады.

Дебат турнирінің  қатысушыларына жақсы ойын үшін алғысымызды білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!