
Павлодар қаласының оқушылары ғылыми жұмыспен белсенді айналысады. Үш оқушы 26 - 29 қаңтарда қашықтықтан өткен 1-7 сынып оқушылары арасындағы "Зерде" зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары республикалық байқауының қорытынды кезеңіне өз жұмыстарының нәтижелерін ұсынды.
Қорытынды кезеңге Қазақстанның барлық өңірлерінен облыстық кезеңдердің жеңімпаздары қатарынан 396 оқушы қатысты. Павлодар облысының командасы 19 оқушы ұсынды, оның ішінде үш қатысушы Павлодар қаласының № 11, 26, 29 мектептерінің оқушылары болып табылады.
2 оқушы байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. I орынды № 11 ЖОМ 2 сынып оқушысы Садықов Расул және II орынды № 29 сынып оқушысы Кубарева Миланға берілді.
Республикалық байқаудың барлық қатысушыларын лайықты табыспен құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!