Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2021 жылы 16 наурыз күні қашықтықтан Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 7-8 сынып оқушылары үшін «Менің өлкем – Ертіс өңірі» өлкетану мен тарих бойынша қалалық турнир өткізді. Турнир Goоgle-disk платформасында онлайн режимінде өтті.
Мақсаты – туған өлкенің тарихын зерттеуге танымдық қызығушылық тудыратын дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Турнирге 25 мектептен 51 оқушы қатысты. Турнир 2 айналымда өтті: 1 – қатысушылар өлкетану мен тарих бойынша 30 сұраққа жауап берді, 2 – ұсынылған тақырыптар бойынша эссе жазды.
Онлайн турнирінің қорытындысы бойынша 20 оқушы жүлделі орындарға ие болды, олардың ішінде: І орын – 1, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 13.
І орын– №23 ЖОМ 7 сынып оқушысыРахметов Ануар;
ІІ орын– №17, 26 ЖОМ 7 сынып оқушылары, № 6, 29, 34, 41ЖОМ 8 сынып оқушылары;
ІІІ орын– № 2, 16, 17, 21, 27, 34ЖОМ 7 сынып оқушылары,№ 1, 11, М.Әлимбаеватындағы мектеп,17, 37, 41, 43ЖОМ 8 сынып оқушылары; Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарына ие болады.