Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының Ресей Федерациясы Омбы қаласының "Снейл" қосымша білім беру орталығымен ынтымақтастығы шеңберінде 2021 жылғы 7 сәуірде қашықтық форматта зияткерлік "Снейл-турнир"өтті. Байқаудың мақсаты - бастауыш мектеп пәндері-математика,орыс тілі, қоршаған орта, ағылшын тілі, дене шынықтыру бойынша шығармашылық есептерді шешу, ақпаратты іздеу, талдау және түсіндіру дағдыларын қалыптастыру.
Байқауға қаланың 17 жалпы білім беретін мектептерінен 1-4 сыныптың 307оқушысы қатысты, оның ішінде 22 оқушы мемлекеттік тілде оқиды. Байқау шарты бойынша ағылшын тілі топтамасында грамматиканы білу, ребустарды болжау тапсырмалары енгізілді; дене шынықтыру топтамасында: әдемі қалып үшін тапсырмалар орындалды; орыс тілі топтамасында: дыбыстар саны әріптер санынан асатын сөздерді анықтау; математика топтамасында тапсырмалар логикалық ойлауға арналған; қоршаған әлем топтамасында ұсынылған тағам бойынша жануарды анықтау.
Байқау қорытындысы бойынша "Снейл-турнир" жеңімпазы № 9 гимназия-мектебі анықталды, оның құрамында 1-сыныптың 20 оқушысы Бейсен Әбілмансүр, Қаратай Жанболат, Умарова Алима, Серикова Жансая, Фрикин Данил,2-сынып оқушылары Абылай Азамат, Каир Айзере, Жұматай Әдел, Денчик Лилиана, Бекбай Әлішер, 3-сынып оқушылары Асланов Богдан, Левина Алина, Фулей Евгения,Правдивец Артем, Баклушева София, 4 сынып оқушылары Левкович Алена, Голубев Михаил, Байсмакова Даяна, Сапруджиди Камелия, Перепелица Данил.
Қатысушылардың электрондық куәліктері тапсырмаларды орындағаннан кейін бірден автоматты түрде қалыптастырылып, қатысушылардың электрондық поштасына жіберілді.