Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Оқушылардың көркем және сәндік-қолданбалы шығармашылығы
13-04-2021 15:08
Оқушылардың көркем және сәндік-қолданбалы шығармашылығы

             "Алтын қазына" көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығы  республикалық көрме-конкурсының қашықтықтан қалалық кезеңіне қаланың  жалпы білім беретін № 6, 11, 14, 17, 21, 25, 29, 36, 37, 39, М. Әлімбаев атындағы,Балалар техникалық мектебі, Жетекші, Кенжекөл мектептерінің 5-11 сыныптарының 52 оқушысынан тұратын 13 команда қатысты. Мақсаты-көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны қалыптастыру, мәдени құндылықтарымен таныстыру.

             Қатысушылардың шеберлігі тоқыма материалынан, ағаштан, сүйектен, былғарыдан, шыныдан, металдан, шағын формадағы мүсіндерден, халық киімі мен қағаз моделінен жасалған 62 қолдан жасалған бұйымдар  7 номинация бойынша  ұсынылды.Байқау қорытындысы бойынша І орын -7, ІІ орын -7, ІІІ орын -12 оқушы алды.

 "Ағаштан, сүйектен, теріден көркем өңдеу" номинациясы бойынша І орынды №21 ЖОМ 9 сынып оқушысы Кунанбаева Айгерим "Былғардан жасалған гүл"жұмысы үшін алды. "Ұлттық ою-өрнек элементтерімен халық киімінің үлгісін жасау" номинациясында  №37 ЖОМ 9 сынып оқушысы Ахмет Аружан  қазақ   өрнегінің пайдаланылуымен ұлттық стильде орындалған көйлегі үшін   жеңіп алды. "Қағаздан бұйымдар жасау" номинациясы бойынша Жетекші ЖОМ 5 сынып оқушысы Малахова Алина квиллинг техникасында орындалған "Күннің  батуы" жұмысы үшін жеңіске жетті. "Тоқыма бұйымдарын жасау" номинациясында  № 37 ЖОМ 9 сынып оқушысы Сейфуллин Кенжегүл киізден жасалған  пейзаж суретін жасағаны үшін жеңіп алды. "Ағаштан шағын формадағы мүсіндер жасау"номинациясы бойынша № 29 ЖОМ 7 сынып оқушысы Мартышкина Ангелина киіз үй, шалғын және тау пейзажы композициясынан тұратын "Туған өлке" жұмысы үшін марапатталды. "Шыныны  көркем өңдеу: витраж" номинациясында  № 29 ЖОМ 6 сынып оқушысы Прохоренко Милана "Шуақты Наурыз"жұмысы үшін жеңіп алды. "Металды көркем өңдеу "номинациясында № 29 ЖОМ 6 сынып оқушысы Черненко Элина қазақтың ұлттық ою-өрнектері бар сандықты дайындағаны үшін жеңіп алды.

           II орынды "Ағашты, сүйекті, теріні көркем өңдеу" номинациясы бойынша № 11 мектептің командасы, "Ұлттық ою - өрнек элементтерімен халық киімінің үлгісін жасау" номинациясы бойынша № 37 мектептің командасы, "Қағаздан бұйымдар жасау" номинациясы бойынша № 37 мектептің командасы, "Тоқыма бұйымдарын жасау" номинациясы бойынша № 14 мектептің командасы, "Ағаштан шағын пішінді мүсіндер жасау" номинациясы бойынша №11 мектептің командасы, "Шыныны  көркем өңдеу: витраж" номинациясы бойынша Қ. Бекхожин атындағы мектеп  командасы,"Металды көркем өңдеу" номинациясы бойынша мектеп командасы. М. Әлімбаев атындағы мектеп командасы   иеленді.

          IIІорынды "Ағашты, сүйекті, теріні көркем өңдеу" номинациясы бойынша  Жетекші  мектебінің командасы, "Ұлттық ою - өрнек элементтерімен халық киімінің үлгісін жасау" номинациясы бойынша № 11, №39, ЖЖОМ мектебінің командасы, "Қағаздан бұйымдар жасау" номинациясы бойынша № 6 мектеп командасы, "Тоқыма бұйымдарын жасау" номинациясы бойынша № 37, №39 мектеп командалары, "Ағаштан шағын пішінді мүсіндер жасау" номинациясы бойынша №29,КЖОМ  мектеп командасы, "Шыныны  көркем өңдеу: витраж" номинациясы бойынша  Балалар техникалық мектебінің  командасы, "Металды көркем өңдеу" номинациясы бойынша Қ.Бекхожин атындағы мектеп командасы иеленді.

       Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, барлық қатысушылар "Павлодар дарыны"орталығының сертификаттарына ие болды.