Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Республикалық Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы
16-09-2021 17:48
Республикалық Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы

Павлодар облысы білім беру Басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" балалардың дарындылығын дамыту және бос уақытын қамту орталығымен 2021 жылғы 15 қыркүйекте қашықтық форматта ХІV Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңін өткізді.Мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен іскерлікті тереңдету, дарынды оқушыларды қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау.

         Олимпиадаға Павлодар  қаласының ( № 2, № 5, № 6, № 7, № 9, № 11,  № 17, № 18, № 19, № 21, № 24, № 25, № 26, № 27, № 28, № 29, № 30, № 34,  № 37, № 39, № 41, № 43,  № 16 лицей -мектебі,  № 20 лицей -мектебі,             К. Макпалеев,  К. Бекхожин, Б. Момышұлы атындағы, ЖЖОМ) 28 жалпы білім беретін  мектептерінен 11 сыныптың 32 оқушысы  қатысты.

         Олимпиаданың қорытындылары бойынша Жұмабекова Гүлзат (№ 2 ЖОМ), Финтисова Виктория (Қ. Макпалеев ат. ЖОМ),  Левкович Егор (№ 9 ЖОМ), Шестаков Дмитрий (№ 17 ЖОМ), Айтмульдина Айдана (№ 29 ЖОМ)  ең жоғары ұпай жинап және 2021 жылғы 30 қыркүйекте олимпиаданың  облыстық кезеңіне қатысу мүмкіндігіне ие болды.

2 орынды – Рымарь Ратмир (№ 16 лицей-мектебі), Баратова Акерке        (№ 29 ЖОМ), Ермекова Акбота (№ 37 ЖОМ) 3 оқушы иеленді.

3 орынды –Дукачев Максим (№ 6 ЖОМ), Журавлев Владислав (№ 18 ЖОМ), Ерсинова Айсана (№ 19 ЖОМ), Капанов Алимхан (№ 21 ЖОМ), Биғазы Алуа (Б. Момышұлы ат. ЖОМ), Абдикаримова Айым (№ 25 ЖОМ), Малютин Александр (№ 26 ЖОМ), Путинцев Иван (№ 34 ЖОМ), Камышкенов Даниял (№ 39 ЖОМ), Волошина Полина (№ 41 ЖОМ), Каиргельдинова Аида (Жетекші ЖОМ) 11  оқушы  иеленді.