2021 жылғы 11 қазанда сағат 09.00 – де онлайн-режимде IV республикалық жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным"зияткерлік байқауының облыстық кезеңі өтті. Оған қалалық кезеңнің жеңімпаздары: Макарова Камила (№2 ЖОМ), Султанбеков Бекзат (№9 ЖОГМ), Готфрид Артур (№17 ЖОМ), Қайыргелді Ерасыл (№19 ЖОМ) қатысты.
Конкурс екі турда өткізілді:
Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша І тур – тестілеу;
ІІ тур 4 номинация бойынша өтеді.
1 Номинация - "Менің кіші отанымның тарихы", оқушылар елді мекеннің тарихымен таныстырып, бейне-репортаж форматында ашуы тиіс.
2 Номинация - "Кіші Отан символы", оқушылар таныстыру, бейне форматында кіші Отанға деген сүйіспеншілік туралы әңгімелейді.
3 Номинация - "Менің кіші Отанымның болашағы" макет таныстыру форматында өтеді.
4 Номинация - "Менің туған өлкем", оқушылар өз елді мекендері туралы эссе жазады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысының білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі