Қазақстанда халық білімінің негізін қалаған белгілі педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай 2021 жылдың 11 қазанында жас тарихшылардың ІV Республикалық "Менің кіші Отаным" зияткерлік байқауының облыстық кезеңі онлайн-режимде өтті. Байқауға облыстың мамандандырылған және жалпы білім беретін мектептерінің 9-10 сыныптарынан 87 оқушы қатысты.
Ережеге сәйкес конкурс екі турда өткізілді:
Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша І тур – тестілеу;
ІІ тур – 4 номинация бойынша: "Менің кіші отанымның тарихы", "Кіші отанымның символы", "Менің кіші Отанымның болашағы", "Менің туған өлкем".
Зияткерлік байқау қорытындысы бойынша қала мектептерінің 3 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.
"Менің кіші отанымның тарихы" номинациясы бойынша III дәрежелі дипломмен Павлодар қаласының №17 ЖОМ 10 сынып оқушысы Готфрид Артур марапатталды.
"Кіші Отан символы" номинациясы бойынша Павлодар қаласының №2 ЖОМ 10 сынып оқушысы Макарова Камила ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
"Менің кіші Отанымның болашағы" номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен Павлодар қаласының №9 ЖОМ 10 сынып оқушысы Сұлтанбеков Бекзат марапатталды.