Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Алтын қазына» қалалық байқауы
03-03-2022 09:51
«Алтын қазына» қалалық байқауы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы онлайн түрде 2022 жылдың 1 наурызында «Алтын қазына» балалардың көркем және сәндік-қолданбалы шығармашылығының республикалық көрме-конкурсының қалалық кезеңі өткізілді.

Көрме 7 номинация бойынша ұйымдастырылды: тоқыма бұйымдарын дайындау, ағашты, сүйекті, теріні, шыныны, металды көркем өңдеу, ағаштан, тастан, саздан (қыш балшық), сабыннан, ағаштан және тоқымадан шағын  мүсіндер жасау.

Байқауға жалпы білім беретін 16 мектептің 5-10 сыныптарынан 72 оқушы қатысты. Балалар жасаған жұмыстар түрлі техникалар және қызықты композициялық әдістермен ерекше көзге түсті. Байқауға жазықтық, сондай-ақ көлемдік-кеңістіктік шығармашылық жұмыстар жіберілді, олардың ішінде 30 қатысушы үздік деп танылды.

         Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға 30 оқушы ие болды. Олардың ішінде

         І орын –11 оқушы, ІІ орын – 8 оқушы, ІІІ орын – 1 оқушы.

«Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кесте, бисер, батик, киіз басу, құрақ құрау» номинациясы бойынша:

Бисермен жұмыс:

І орынды №19 ЖОББМ 7- сынып оқушысы Рамазанова Азалия иеленді, жұмыстың атауы «Таңбалы тастар», ІІ орынға №26 ЖОББМ 6-сынып оқушысы Баланда Ангелина ие болды, жұмыс атауы «Бонсай». ІІІ орынды №34 ЖОББМ 7-сынып оқушысы Гончаренко Дарья иеленді, жұмыс атауы «Бәйтерек».

Кесте тігу жұмыстары:

І орынды №19 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Акимова Гульназ иеленді, жұмыстың атауы «Ұлы дала елі». ІІ орынға №17 ЖОББСОБМ 10-сынып оқушысы Климкина Ангелина ие болды, жұмыстың атауы «Көрпеше». ІІІ орынды иеленгендер: №36 ЖОББМ 7-сынып оқушысы Русанова Тамара, жұмыстың атауы  «Ата-бабалар мекені», № 34 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Коробовская Базилина, жұмыстың атауы  «Қуыршақ», №26 ЖОББМ 6-сынып оқушысы Дуденко Виктория, жұмыстың атауы «Киіз үй».

Құрақ құрау бойынша жұмыстар:

І орынды №33 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Ныгманова Диана иеленді, жұмыстың атауы «Азан шақыру». ІІ орынға № 37 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Саметова Жансая ие болды, жұмыстың атауы «Жауынгер». ІІІ орынды КЖОББМ 9-сынып оқушысы Амангелді Ляйля иеленді, жұмыстың атауы «Бейбітшілік».

         Терімен жұмыс:

         І орынды №36 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Рыбас Елизавета иеленді, жұмыстың атауы «Алматы апорты». ІІ орынға №21 ЖОБМ 9-сынып оқушысы Садықова Мадина ие болды, жұмыстың атауы «Менің елім».

         Киізбен жұмыс:

         І орынды КЖОББМ 10-сынып оқушысы Мұратова Рахима иеленді, жұмыстың атауы «Кең далам».

         Батикпен жұмыс:

         І орынды № 28 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Костюк  Виктория  иеленді, жұмыстың атауы«Раушандар». ІІ орынды №26 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Крит Ярослава иеленді, жұмыстың атауы«Ертегі гүлдері».

Ұлттық нақыштағы интерьер дизайны жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафттар және т.б.; Ландшафт және дизайн.

         І орынды № 17 ЖОББМ 8-10 сыныптары иеленді, ұсынылған жұмыс – мектеп жанындағы учаскенің ландшафты.

«Ағашты, сүйекті, теріні көркем өңдеу: көлемді және жалпақ ою, ағашқа сурет салу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар; инкрустация (сүйек, металл, ағаш)» номинациясында: сүйектермен жұмыс.

         І орынды №1 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Ергазин Бауыржан иеленді, жұмыстың атауы«Бөрі табан». ІІ орынға №19 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Қанзада Әзілхан ие болды, жұмыстың атауы«Тәуелсіздікке тарту композициясы». ІІІ орынды №19 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Сұраған Нұртас иеленді, жұмыстың атауы «Тәуелсіздік» және №19 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Орынтай Олжас та иеленді, жұмыстың атауы «Бойжеткен».

Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және жалпақ ою, ағашқа сурет салу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар; инкрустация( сүйек, металл, ағаш):

         І орынды № 29 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Савицкий Андрей иеленді, жұмыстың атауы «Кең байтақ қазақ даласы».  ІІ орынды №16 МЛ 1-сынып оқушысы Жарасов Нурлан иеленді, жұмыстың атауы«Гелендваген». ІІІ орынға №37 ЖОББМ 7-сынып Ашу Ильяс ие болды, жұмыстың атауы«Сандық», ІІІ орынға Қ.Мақпалеев ат. мектептің 8-сынып оқушысы Кофтанюк Максим ие болды, жұмыстың атауы «Ұлттық дастархан».

«Шыныны көркем өңдеу» номинациясында: витраж

         І орынды №29 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Некрытов Артем иеленді, жұмыстың атауы «Менің үйім, менің Отаным, менің тұмарым».

«Ағаштан, тастан, саздан шағын пішінді мүсіндер жасау» номинациясында: сазбен жұмыс.

І орынды №20 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Абитова Камиля иеленді, жұмыстың атауы «Керуенші». ІІ орынға М. Әлімбаев ат. мектептің 7-сынып оқушысы Сафорова Софья ие болды, жұмыстың атауы«Қыш тостаған». ІІІ орынды № 29 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Титов Михаил иеленді, жұмыстың атауы«Мен елімнің патриотымын», № 21 ЖОББМ 8-сынып оқушысы Ибраимов Тамирлан ие болды, жұмыстың атауы«Ұлы дала».

Жеңімпаздар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.