Павлодар қаласында 2022 жылдың 25-28 сәуір аралығында жас математиктердің ІХ аймақтық турнирі өткізілді.
Турнирге Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Ақтөбе, Өскемен қалаларынан (ШҚО), Назарбаев Зияткерлік мектебінен және Павлодар облысының мектептерінен 16 команда құрамында 7-8 сыныптың 96 оқушысы қатысты.
Павлодар қаласы 2 команда ұсынды: мемлекеттік тілде оқытатын "КВАНТ - ДАРЫН" - №№ 2, 7, 25 (2), 37, № 38 НЖББМ және "SIGMA" - орыс тілінде оқытатын мектептер №№11, 17, 18, 21, 29, 34.
Ережеге сәйкес турнир екі кезеңде өтті.
Бірінші кезеңде командаларды екі лига бойынша бөлу мақсатында жазбаша түрде командалық олимпиада өтті: екінші кезеңде қатысушылар 3 күн ішінде есептерді шешуде жарысты, математикалық жарыстарға қатысты. Турнирдің негізгі бөлігін математикалық жекпе-жектер құрады, онда командалар күрделі есептерде өз шешімдерін қорғады.
Турнир қорытындысы бойынша екінші лигада Құрмет грамотасымен Павлодар қаласының "SIGMA" командасы марапатталды; "Ең жас қатысушы"номинациясында №38 ЖББМ 6 сынып оқушысы Ғабдуллин Жандос марапатталды.