Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жас математиктердің зияткерлік сайысы
12-10-2022 07:10
Жас математиктердің зияткерлік сайысы

Павлодар қаласының білім бөлімінің "Павлодар дарыны"  бос  уақытты қамту және балалардың  дарындылығын  дамыту орталығында 2022 жылғы 11 қазанда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының және "Математика"пәні бойынша бағдарламалаудың қалалық кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау пәндері бойынша олимпиадалық резерв құру болып табылады.

Олимпиада 2 турда өткізілді: 1 (іріктеу) жазбаша нысанда және 2 (практикалық) – ауызша нысанда, онда 2 турдың міндеттерін шешу қазылар алқасының мүшелеріне ауызша тапсырылады.

Математикадан жасөспірімдер олимпиадасына Павлодар қаласының мектептерінен 37 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар 7 жүлделі орынға ие болды: І орын - 2, ІІ орын – 2, ІІІ орын-3.

I дәрежелі дипломдармен № 18 орта мектептің 8 сынып оқушысы Кучук Иван және № 26 орта мектептің 8 сынып оқушысы Карпов Богдан марапатталды. II дәрежелі дипломдармен - Федоров Александр, № 41 орта мектептің 7 сынып оқушысы және Барлыбаева Дана, № 34 орта мектептің 8 сынып оқушысы . III дәрежелі дипломдармен № 17 орта мектептің 8 сынып оқушысы Бехлер Вадим, № 28 орта мектептің 7 сынып оқушысы Арбуз  Платон, № 40 орта мектептің 7 сынып оқушысы Ахтамберов Нұрдәулет марапатталды.

Құрмет грамоталарының иегерлері: Қ.Бекқожин ат. орта мектептің 7-сынып оқушысы Кунанбаева Камила,    № 24 орта мектептің 8 сынып оқушысы Жүсіпбай Сымбат , № 25 орта мектептің 7 сынып оқушысы Қуанышбаева Жұлдыз, № 34 орта мектептің 8 сынып оқушысы, Загорский Михаил, № 29 орта мектептің 8 сынып оқушысы, Глаков Глеб, № 9 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы, К.Мақпалеев ат. орта мектептің 7 сынып оқушысы Бейсенбаева Анель.

Жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау пәндері бойынша юниорлық олимпиаданың облыстық кезеңіне белгіленген квотаға сәйкес ең жоғары ұпай  жинаған оқушылар қатысады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оқуда одан әрі табыс тілейміз!