Павлодар қаласының білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында 2022 жылғы 11 қазанда жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының және "Математика"пәні бойынша бағдарламалаудың қалалық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау пәндері бойынша олимпиадалық резерв құру болып табылады.
Олимпиада 2 турда өткізілді: 1 (іріктеу) жазбаша нысанда және 2 (практикалық) – ауызша нысанда, онда 2 турдың міндеттерін шешу қазылар алқасының мүшелеріне ауызша тапсырылады.
Математикадан жасөспірімдер олимпиадасына Павлодар қаласының мектептерінен 37 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар 7 жүлделі орынға ие болды: І орын - 2, ІІ орын – 2, ІІІ орын-3.
I дәрежелі дипломдармен № 18 орта мектептің 8 сынып оқушысы Кучук Иван және № 26 орта мектептің 8 сынып оқушысы Карпов Богдан марапатталды. II дәрежелі дипломдармен - Федоров Александр, № 41 орта мектептің 7 сынып оқушысы және Барлыбаева Дана, № 34 орта мектептің 8 сынып оқушысы . III дәрежелі дипломдармен № 17 орта мектептің 8 сынып оқушысы Бехлер Вадим, № 28 орта мектептің 7 сынып оқушысы Арбуз Платон, № 40 орта мектептің 7 сынып оқушысы Ахтамберов Нұрдәулет марапатталды.
Құрмет грамоталарының иегерлері: Қ.Бекқожин ат. орта мектептің 7-сынып оқушысы Кунанбаева Камила, № 24 орта мектептің 8 сынып оқушысы Жүсіпбай Сымбат , № 25 орта мектептің 7 сынып оқушысы Қуанышбаева Жұлдыз, № 34 орта мектептің 8 сынып оқушысы, Загорский Михаил, № 29 орта мектептің 8 сынып оқушысы, Глаков Глеб, № 9 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы, К.Мақпалеев ат. орта мектептің 7 сынып оқушысы Бейсенбаева Анель.
Жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау пәндері бойынша юниорлық олимпиаданың облыстық кезеңіне белгіленген квотаға сәйкес ең жоғары ұпай жинаған оқушылар қатысады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оқуда одан әрі табыс тілейміз!