2022 жылғы 20 қазанда сағат 9.00-де № 1 мектеп базасында Республика күнін мерекелеу аясында "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен қалалық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылады .
Мақсаты-оқушылардың елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және көпшілік алдында талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.
Турнирге мемлекеттік тілде оқытатын мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысады.
Турнир екі турда өтеді: іріктеу және қорытынды. Іріктеу кезеңі 3 ойыннан тұрады, оның қорытындысы бойынша қорытынды кезеңге қатысатын сегіз команда анықталады.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының Дипломдарымен марапатталады.