АНОНС 8 -11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі
Қазақстан Республикасының зияткерлік мүмкіншілігіне көмектесу,талантты және дарынды жас зерттеушілерді қолдау және іріктеу мақсатында 8 -11 сынып оқушыларына арналған ғылыми жоба байқауының қалалық кезеңі өткізіледі.
Байқауға қатысу үшін қаланың 39 жалпы білім беру мектептерінен 282 жұмыс түсті. Жас зерттеушілердің жасы 14 -16.
Оқушылардың зерттеу жұмыстарын қорғау Қазақстан Республикасы ғылым және білім Министрлігімен бекітілген,4 бағыт бойынша өтеді:
- «Ғылыми – техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны» Секция: Физика, Техника, Космос және Жер туралы ғылым.
- «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық моделдеу». Секция: Математика, Қолданбалы математика, Экономика, Информатика.
- «Таза табиғи орта – Қазақстан -2050 стратегиясын іске асырудың негізі». Секция. Биология, Химия,адам денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау.
- «Қазақстанның тарихы ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары». Секция: Тарих, Өлкетану, Этномәдениет, Әдебиет, Тіл білімі, адам және қоғам.
Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық кезеңге қатысады.