Физика пәнінен облыстық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы

2022 жылғы 15 қарашада «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының базасында «Физика» пәні бойынша бағдарламалаудың және жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері пәндері бойынша ХІІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және жаратылыстану-математикалық бағыт және бағдарламалау пәндері бойынша олимпиадалық резерв құру болып табылады.
Жасөспірімдер олимпиадасына Павлодар қаласының мектептерінен 3 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Бексұлтанов Сәбит III дәрежелі дипломмен марапатталды.